15.03.2022, 16:00
Оқылды: 46

Wildberries интернет дүкенінде сауда жасай алмаған клиенттер не істеуі керек

ҚР сауда және интеграция министрлігі Wildberries сауда желісінің еліміздегі қызметіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220315143035546e

«Бізде Еуразия экономика одағы және тиісті салалық бөлім бар. Оның өкілдерімен сала жұмысына қатысты босқосулар өтіп тұрады. Интернет сауданы өзге елдің желісі жүргізген сәтте, біздің елдің салаға қатысты заңы ол жақта жүрмейді. Дегенмен халықаралық қауымдастықтармен тығыз қарым-қатынастың арқасында мәселені сол сәтте жеткізіп отырамыз. Өз тарапымыздан тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында заңнамаға қосымша өзгеріс енгізуді қарастырамыз», - деді ҚР сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Одан бөлек, сауда министрлігінің өкілі Wildberries желісінің қолданушыларына кеңес берді.

«Аталған сауда желісінің қызметіне қатысты проблема туындаса тұтынушылардан біздің комитетке хабарласуды өтінеміз. Комитеттегі үйлестіру бөлімі клиенттің мәселесін назарға алады. Алдымен оны анықтап, қажет жағдайда тиісті елдің өкілдігіне хабарласып, мәселені шешуін сұраймыз», - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық тұтынушылар Wildberries интернет сауда желісінің жұмысына шағымданған еді.

Қолданушылардың айтуынша, аталған интернет дүкен арқылы сауда жасау мүмкін болмаған.

Бұған дейін комитет басшысының орынбасары интернет саудасы бойынша қазақстандық тұтынушылардың құқығы қалай қорғалатынын айтқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале