Сырым ауданы Алғабас ауылының жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті. Ауыл әкімі Өркен Әменов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.
Мәдениет үйінде өткен дүбірлі тойда ауыл мекемелері қазақтың салт-дәстүрлерін сахналап, ұлттық тағамдардан дәм ұсынды.
Жиылған қауым ауыл көркемөнерпаздарының әнін тыңдап, ұлттық би тамашалап, қазақ күйлерінен сусындады.
Мерекелік шарадан соң ауыл тұрғындары арқан тартысып, ер азаматтар гір тасын көтеріп, қол күрестірді.
Сонымен қатар, биыл Алғабас ауылында алғаш рет ұлттық спортымыз көкпар ойыны ұйымдастырылды.
Ат үстінде күн кешкен ата-бабалардың ізін қуған жас шабандоздарды көкпарға ауыл азаматы Эльдар Бекебасов дайындады.
Көпшілік қошеметіне ие болған мұндай іс-шара алдағы уақытта ауыл әкімшілігінің қолдауымен тағы да ұйымдастырылатын болады.
Анар Нұрланқызы,
Сырым ауданы,
Алғабас ауылы