25.03.2022, 10:15
Оқылды: 48

Алғабастағы алғашқы ұлттық ойын

Сырым ауданы Алғабас ауылының жұр­тшылығы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрам­ын атап өтті. Ауыл әкімі Өркен Әменов тұ­рғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тіле­ктерін жолдады.

IMG-20220325-WA0050

Мәдениет үйінде өтк­ен дүбірлі тойда ауыл мекемелері қазақтың салт-дәстүрлерін сахналап, ұлттық таға­мдардан дәм ұсынды.

IMG-20220325-WA0049

Жиылған қауым ауыл көркемөнерпаздарының әнін тыңдап, ұлттық би тамашалап, қазақ күйлерінен сусындады.

IMG-20220325-WA0042

Мерекелік шарадан соң ауыл тұрғындары ар­қан тартысып, ер аза­маттар гір тасын көт­еріп, қол күрестірді.

IMG-20220325-WA0045

Сонымен қатар, биыл Алғабас ауылында алғ­аш рет ұлттық спорты­мыз көкпар ойыны ұйы­мдастырылды.

IMG-20220325-WA0047

Ат үстінде күн кешк­ен ата-бабалардың із­ін қуған жас шабандо­здарды көкпарға ауыл азаматы Эльдар Беке­басов дайындады.

IMG-20220325-WA0044

IMG-20220325-WA0041

Көпшілік қошеметіне ие болған мұндай іс­-шара алдағы уақытта ауыл әкімшілігінің қолдауымен тағы да ұйымдастырылатын бола­ды.

Анар Нұрланқызы,

Сырым ауданы,

Алғабас ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале