Ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде жоғары сұрып астық пен құмшекер тапшылығы байқалып, өңірдегі сауда орындарында осы аталған тауарлар қымбаттады. Жоғарыдағы жағдай Казталов ауданын да айналып өтпей, қымбатшылық байқалып, жоғары сұрып астықтың бір қабы 10800-11000 теңгеге, ал құмшекердің 1 келісі 580 теңгеге дейін көтерілді.
Осы қымбатшылықты реттеуге атсалысқан Казталов аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімі біраз жұмыстар атқарды. Əсіресе республикалық азық-түлік корпорациясы қорынан бөлінген астықпен ауданды қамтыса, бүгінде ауданға арзан бағамен 4 тонна 800 келі құмшекер алдырып отыр.
Күні бүгінде Казталов аумағына Меңдіғаным Габдуллина басқаратын "Аружан" жеке кəсіпкерлігі мен Жалпақтал аумағына "Шукаева" жеке кəсіпкерлігінің жетекшісі Гүлбану Шукаева құмшекердің əр келісін 400 теңгеден сатуда. Бағаның тұрақтандыру мақсатында бір адамға 2 келі құмшекер ғана сатылады. Құмшекер округтарға да халық санына сəйкес бөлінген. Бұл ақпарат аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінен алынды.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz