12.04.2022, 13:00
Оқылды: 31

Нұр-Сұлтанда өзін өртеген әйелдің жағдайы ауыр

Елордада ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеген әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

59

«1990 жылы туған әйел денесінің кейбір бөліктерін күйік шалған. Жедел жәрдем зардап шегушіні № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Пациент шокқа қарсы палатаға жатқызылып, оны комбустиолог, реаниматолог, токсиколог, терапевт мамандар қарап шықты. Науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып, ол күйік шогы, күйіктің ауданы мен жарақаттың тереңдігі айтарлықтай болғандықтан реанимация бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір пациентке толыққанды медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Науқас ОАРИТ қызметкерлерінің бақылауында. Оның денсаулық жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр», - дейді ведомстводан.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өзін өртеген әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік.

Кейін Алматы полициясы өзін өртеген әйел айыптаған қаржы пирамидасына қатысты түсінік берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале