Елордада ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеген әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1990 жылы туған әйел денесінің кейбір бөліктерін күйік шалған. Жедел жәрдем зардап шегушіні № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Пациент шокқа қарсы палатаға жатқызылып, оны комбустиолог, реаниматолог, токсиколог, терапевт мамандар қарап шықты. Науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып, ол күйік шогы, күйіктің ауданы мен жарақаттың тереңдігі айтарлықтай болғандықтан реанимация бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір пациентке толыққанды медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
«Науқас ОАРИТ қызметкерлерінің бақылауында. Оның денсаулық жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр», - дейді ведомстводан.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өзін өртеген әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік.
Кейін Алматы полициясы өзін өртеген әйел айыптаған қаржы пирамидасына қатысты түсінік берді.
16:1527.06.2022
Жаңадан құрылған үш облысқа цифрлық код берілді
12:1021.02.2022
Қазақстанда шетелдік еңбек мигранттарына шағым көбейді
12:103.02.2022
Көші-қон саласындағы кейбір функциялар ІІМ-нен Еңбек министрлігіне берілді
17:5024.01.2022
Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
27.06.2022, 16:15
21.02.2022, 12:10