19.04.2022, 13:00
Оқылды: 114

Жеңіс – Жұмаевтың жерлестерінде

Әлемнің ең биік шыңдарын бағындырған жерлесіміз, Теректінің тумасы Мақсот Жұмаевтың жүлдесіне тау туризмі техникасынан облыстық ашық жарыс өткізілді. 

10

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы ұйымдастырған шараға 13 ауданнан шымыр балалар жиналды. Жас ерекшеліктеріне қарай, жасөспірімдер және балалар болып топтасқан командалар техникалық, жеке, командалық, байлам қашықтықтарында биіктік бағындыруға қабілет-дайындықтарын көрсетті.

11

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жасанды жартас залында өткен жарысқа аудандық орталықтың қосымша білім беру педагогтары Нұрболат Дүйсенғалиев пен Фархат Беркінғалиев апарған үйірмешілер өздерінің Жұмаевтың жерлестері екенін көрсетті.

9

Теректінің өрендері айқын басымдықпен командалық есепте І орынды жеңіп алды.

Жанерке Болатова,

Теректі ауданы БЖТжЭО қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале