«Келешектің тұтқасы - білімді ұрпақта» тақырыбында эссе жазу байқауының
ережесі
«Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы ЗТБ 2022 жыл – «Балалар жылы» мен соғыс және еңбек ардагері, белгілі журналист, қоғам қайраткері Бисен Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Келешектің тұтқасы - білімді ұрпақта» тақырыбындағы эссе жазу байқауын (Бұдан әрі – Байқау) өткізеді.
Байқауды ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы ЗТБ.
Байқаудың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту және жазу шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілет-қарымын ұштау.
Байқау 2022 жылдың 22 сәуір – 15 мамыр аралығында өтеді. Байқауға қатысушылардың жұмыстары [email protected] электронды поштасында қабылданады;
Жазылған эсседе оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
Эссенің көлемі 300-350 сөзді құрауы тиіс;
Эссе word форматында компьютерде терілген: Times New Roman шрифтімен өлшемі – 14 pt, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы - 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см және 2 беттен аспайтын болуы тиіс;
Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған эсселер жіберіледі;
Жұмыстар тек қазақ тілінде қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар анықтайды.
Жеңімпаздарға І орын – 150000 т, ІІ орын – 100000 т, ІІІ орын – 50000 т ақшалай сыйлық және дипломдармен марапатталады.
Байқау үздіктерін марапаттау шарасы салтанатты түрде өткізіледі.
Анықтама телефоны: 877525210 02.