2022 жылғы 15 мамырдағы мәлімет бойынша, 9 492 972 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін салдырды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 262 898 адам салдырды.
«Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 115 044 адам, ІІ-ші дозасын 982 204 адам салдырды.
Оның ішінде:
І-ші компонентін 838 886 жасөспірім, 39 048 жүкті әйел, 138 937 бала емізетін әйел салдырды
ІІ-ші компонентін 779 750 жасөспірім, 34 590 жүкті әйел, 126 139 бала емізетін әйел салдырды.