16.05.2022, 15:00
Оқылды: 36

Жыл басталғалы 25 адам суға кетті – ТЖМ

Биыл 25 адамның ажалы судан келді. Одан бөлек, 7 адам құтқарылды, оның 2-еуі — бала. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

«Адамдардың суға кетуіне жол бермеу және алдын алу мақсатында біздің министрлік Ішкі істер министрлігі, өңірлік әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп, шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтер мен патрульдеу жұмысын тұрақты жүргізіп келеді. Осы күнге дейін аталған шараға 36 929 адам жұмылдырылып, 17 620 патрульдік және рейдтік іс-шара өтті. Оның нәтижесінде 118 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар алдын алу жұмыстары аясында еліміздің су айдындарында 7 адам судан құтқарылды, оның 2-еуі — бала», - деді Бауыржан Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, азаматтардың судағы қауіпсіздігі мәселесі құзырлы органдардың тұрақты назарында.

«Өкінішке қарай, қайғылы оқиғалар бар. Биыл да судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркеліп отыр. Атап айтқанда, жыл басынан бері 25 адам суға кетті, оның 3-еуі — бала», - дейді ол.

Бұған дейін еліміз бойынша суға шомылуға рұқсат берілген 490 орынның барын хабарладық .

Сондай-ақ, ендігі уақытта қазақстандықтар шомылуға болатын орындарды мобильді қосымша арқылы біле алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале