1.06.2022, 21:34
Оқылды: 156

Балаларға жігер сыйлаған күн

Жаңақала аудандық спорт кешенінде аудандық «Jastar» спорт клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Балалар жылына және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жасөспірімдер арасында көпшілік спорттық шаралар өтті.жаңақСпорттық жарыстың мақсаты - балалардың спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру. Дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға баулу. Шара барысында сурет салу, дартс ойыны, секіртпемен секіру, «Көңілді старт» эстафеталық сайыс өтті. Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық спорт кешенінің директоры Жанболат Гумаров қатысты. А.Нұрғалиқызы балаларды мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушы бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.IMG_4559111111Алдымен балалар денелерін шынықтырып жаттығу жасады. Кейін барлық бүлдіршіндер мен балаларға тәттілер таратылды. Жарыстың нәтижесінде, сурет салу бойынша Айнәзік Айболатқызы жеңіске жетсе, Айару Ақайдар ІІ орын алды. Айбибі Қарасай ІІІ орынға табан тіреді. Дартс ойыны бойынша Олжас Тарих жеңімпаз атанса, Нұрхан Махсот ІІ  орынға ие болды. Бағдәулет Тілеш қола жүлдені қанағат тұтты. Секіртпемен секірудің нәтижесінде Дарина Мырзаш жеңіске жетсе, Диляра Серікова күміс жүлдеге ие болды. Айназым Асылбек ІІІ орын алды. «Көңілді старт» эстафеталық сайыста Аққу командасы жеңімпаз атанды. Қырандар командасы ІІ орын, Сұңқарлар командасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар сурет салуға белсене қатысқан бүлдіршіндерге дипломдар мен сыйлықтар тарту етілді.

Райхан Амантайқызы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале