– Дауыс беру басталған жарты сағатта Бөкей ордасы ауданындағы №75 учаскеге 58 адам келді. Жеміс Танашева апамызды ерекше айтып кеткім келеді. Ол сайлауға Нұр-сұлтан уақытымен келді, яғни жергілікті уақытпен айтқанда сағ 06:15-те келді. Жай келмей, гүлін алып, әдемі киініп келіпті. Азаматтық белсенділікті осы аға буыннан үлгі етсек, жақсы болар еді, - дейді учаскелік комиссия төрағасы Тілеген Кадимов. Аталмыш учаскеге 13 көшеден 956 сайлаушы тіркелген.
Ашылу салтанатында аға буыннан Меңдібай Қаресов пен алғаш рет дауыс берген Фархад Камаловқа сый-сыяпат табысталды.
zhaikpress.kz