5.06.2022, 9:50
Оқылды: 118

Бөкей ордасындағы №75 учаскеде дауыс беру қарқынды жүруде

9CA7B7C6-D50F-4F83-9D21-140E18A33A26

– Дауыс беру басталған жарты сағатта Бөкей ордасы ауданындағы №75 учаскеге 58 адам келді. Жеміс Танашева апамызды ерекше айтып кеткім келеді. Ол сайлауға Нұр-сұлтан уақытымен келді, яғни жергілікті уақытпен айтқанда сағ 06:15-те келді. Жай келмей, гүлін алып, әдемі киініп келіпті. Азаматтық белсенділікті осы аға буыннан үлгі етсек, жақсы болар еді, - дейді учаскелік комиссия төрағасы Тілеген Кадимов. Аталмыш учаскеге 13 көшеден 956 сайлаушы тіркелген.

2C3CC07E-3977-47BE-8640-0F8B3D599659

Ашылу салтанатында аға буыннан Меңдібай Қаресов пен алғаш рет дауыс берген Фархад Камаловқа сый-сыяпат табысталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале