7.06.2022, 18:00
Оқылды: 52

Атырауда әлеуметтік желіде есірткі сатқан мектеп оқушысы жеті жарым жылға түрмеге қамалды

Атырауда Telegram арқылы есірткі сатқан кәмелет жасқа толмаған жасөспірім 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

00001

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Бәкіров жасөспірімнің Telegram арқылы жұмыс тәжірибесі болмаса да табысы жақсы, курерьлік жұмыстың хабарландыруын көріп, барғанын айтты.

“Хабарландыруға қызығушылық танытқан жасөспірім психотроптық заттарды тасымалдау, жеткізу арқылы оңай жолмен мол табыс табуға ұмтылған. Нәтижесінде оқушының қылмыстық әрекеті әшкереленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды”, – деді Саян Бәкіров.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тәртібін қатаң қадағалауын ескертті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале