9.06.2022, 13:00
Оқылды: 53

Маймыл шешегі әлемнің 27 мемлекетінен анықталды

Маймыл шешегі 27 елде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сілтеме жасап.

220609105745242e

Бұл мемлекеттер негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада орналасқан.

«Біз Батыс Африкада маймыл шешегімен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет вирусты қайта жұқтырудан 100% қорғай алмайды», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

Дүниежүзілік ұйым маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатындығын мәлімдеді. Науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріледі.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале