9.06.2022, 14:30
Оқылды: 34

Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220516134414751e

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 маусым күні Бөкей ордасы ауданында болды.

«Аудан орталығы Сайқын ауылынан 20 шақырым жерде көктемгі тасқын кезінде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кетті. Жергілікті тұрғындар сағат 18.30-дан бастап оның денесін іздестірген. Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де барды. Іздестіру жұмыстары 9 маусымда жалғасады», - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы бір оқиға 4 маусым күні осы ауданның Бисен ауылында болды. Сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар 56 жастағы ер адамның денесін судан шығарып алды. Оның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкерінің екі баланы құтқарып қалғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ақсай қаласында ер адам 9-қабаттан құлап, мерт болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале