Бөкей ордасы ауданы сулы аймаққа жатпағанымен, біздің аудан аумағында суға кету фактілері тіркелуде. Аудандық төтенше жағдай бөлімінің мәліметінше, кеше 1986 жылы туған Аманжол Мырзағалиев Ақбұлақ бөгетінде суға жүзу кезінде батып кетіп, оны жергілікті тұрғындар іздестірген. Оқиға болған жерге төтенше жағдай бөлімінен және полиция қызметінен мамандар барды. Батып кеткен азаматтың денесін іздестіруге Орал қаласынан сукезушілер (водолаз) шақыртылды. Оқыс оқиға Сайқын ауылынан 20 шақырым жердегі Сейтәлі елдімекенінің маңында орын алды.
Осыдан бес күн бұрын, яғни 4 маусым күні жергілікті тұрғындар жауын-шашын суы жиналған Бисен ауылы маңындағы бөгет суынан бисендік азамат 1966 жылы туған Жанболат Ахтаровтың өлі денесін тапқанын айта кетелік. Азаматтың қазасының себебі анықталуда.
Раушан Бақытова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz