13.06.2022, 18:47
Оқылды: 58

Жарайсың, Бейбарыс!

Жуырда Алматы қаласында тоғызқұмалақтан 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларынан барлығы 500-ден астам жас спортшылар өз шеберліктерін ортаға салды. Сегіз күнге созылған ақыл-ой додасында облыс намысын қорғап барған Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Бейбарыс Жолдасқали 13 жастағы ұлдар арасында қола жүлдегер атанды.

арай1

- Дода өте жақсы деңгейде өтті. Шәкірттерім Камила Дамирқызы, Фатима Маратова, Зухра Ғазез, Нұрәлі Арматұлы, Бекнұр Тұрсынбай, Аида Баймұхан, Айназ Сақтаған, Нұрила Жұмагелді сынды оқушыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Оқушылардың аталмыш жарысқа баруына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер Хамит Сәбенов, Азат Рашидов, Берген Ибрашев сынды спорт жанашырларына алғысым шексіз. Аттары аталған жандардың кәсіптеріне, жұмыстарына тек сәттілік тілейміз. Алдағы уақытта да үлкен жетістікке жету үшін аянбай жаттыға беретін боламыз, - дейді жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлы.

А.Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале