27.06.2022, 17:15
Оқылды: 85

QazVac вакцинасының III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды

Беделді әлемдік LANCET журналында қазақстандық ғалымдар әзірлеп шығарған QazVac вакцинасының клиникалық сынақтары III кезеңінің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2cdcace6485d77d8644eb2891e82b6ea_1280x720

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарьяның жетекшілігімен COVID-19-ға қарсы QazVac вакцинасы әзірленген еді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес вакцина бойынша III фазалық клиникалық сынақтар өткізілді. Сынақ нәтижелер вакцинаның адам үшін тиімділігі мен қауіпсіз, сондай-ақ жоғары иммунитетті қалыптастыра алатын мүмкіндікті көрсетті.

Айта кетсек, EClinicalMedicine, The Lancet журналы медициналық және денсаулық сақтау саласындағы түпнұсқа зерттеулерді және COVID-19 вакцинасын әзірлеу мен зерттеудегі соңғы жетістіктерді жариялайтын әлемдік басылым.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале