Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина әлемде эйс жасаудан көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сурет дерек көзі: ҚазАқпарат
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, биыл Е.Рыбакина 31 матчта 168 эйске қол жеткізді.
Бұл – үздік көрсеткіш.
Ресейлік Екатерина Александрова екінші орында. Ол 33 ойында 160 эйс жасап үлгерді.
Грекиялық Мария Саккари (38 бәсеке, 151 эйс) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемде сегізінші орында тұр. Оның еншісінде 386 эйс (31 матч) бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Уимблдон турнирін жеңіспен бастағанын, Елена Рыбакинаның екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.
А.Бублик бүгін Уимблдонда екінші айналымда сербиялық Душан Лайовичпен шеберлік байқасады.