1.07.2022, 17:15
Оқылды: 45

Украина Ресей азаматтары үшін виза режимін енгізді

Украина 1 шілдеден бастап Ресей азаматтарына виза режимін енгізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

220701154049544e

Сурет: Роман Канащук

Киевтегі дипломатиялық қатынастардың үзілуі және Ресей Федерациясындағы Украина елшілігі мен консулдықтарының қызметі тоқтағандықтан, ресейліктер көрші елге кіру үшін VFS Global компаниясының сыртқы қызмет жеткізушісінің орталықтарына барып, визаға өтініш беруі тиіс.

Компания бөлімшелері сегіз қалада - Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Калининград, Қазан, Новосибирск, Дондағы Ростов және Самарада орналасқан. Осыдан кейін, Украина СІМ хабарлағандай, визаға өтініштерді үшінші елдердегі Украинаның дипломатиялық мекемелері құзыретті органдармен бірлесе отырып қарайды.

Сонымен қатар визасы бар адамдар да елге кіргізілмеуі мүмкін, себебі шекараны кесіп өтуге рұқсатты Украина Шекара қызметінің қызметкерлері береді. Мемлекеттік қызмет түсіндіргендей, елге кіргісі келетін азаматтарда тиісті құжаттар, елге кіруге шектеулер туралы ақпараттың болмауы, сапар мақсатын растау және жеткілікті қаражат болуы тиіс.

Үшінші елдердегі Ресей азаматтары виза рәсімдеу үшін осы елдердегі Украинаның шетелдік дипломатиялық мекемелеріне баруы тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале