Бүгін сырымдықтар ертемен тұрып, "Бірге! "Таза Қазақстан!" республикалық экологиялық ақциясына үлес қосты.
Мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау саласының өкілдері, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтары, ерікті жастар, қоғамдық ұйым өкілдері, спортшылар мен өнер адамдары сенбілікке шығып, Жымпитының негізгі көшелерін қоқыс пен арамшөптен тазартты.
Әрине, біркүндік акциядан ауыл не қала тап - таза болып қалмайды. "Таза Қазақстан" әркімнің өз ауласынан басталуы керек!
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz