7.07.2022, 17:45
Оқылды: 57

Бүгінгі түлек – ертеңгі маман

2021-2022 оқу жылында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін тәмамдаған мыңнан астам студенттің төрттен бірі үздік білім нәтижесін көрсетті.

IMG_7320 (1)

 Еліміздегі іргелі оқу орындарының қатарындағы университеттің түлектері жоғары кәсіби білім алып, өмірдің тағы бір белесіне қадам басты. Университет қабырғасында алған білімдерін тәжірибемен ұштастыратын түлектердің арасында өндірістік тағылымдамадан өту арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандары да бар.

«Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша берген мәліметіне сүйенсек, жалпы 151 адам (14,43 %) ресми түрде жұмыспен қамтылып үлгерген. Мемлекеттік білім грантын иеленген түлектердің 93-і (12,8 %) жұмысқа орналасқан. Ал өткен оқу жылындағы нәтижеге тоқталсақ, бітіруші студенттерді еңбекпен қамту көрсеткіші 77 пайызды құраған.

Жалпы биыл Жәңгір хан университетін бакалавр мамандығы бойынша – 1053, магистратура бойынша 49 студент тәмамдады. Олардың 250-дейі қызыл дипломға ие болды.

«Аспап жасау» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры атанған Мәди Сағынов пен «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша жоғары білімді маман атанған Айдын Сәбит магистратураға оқуға түсіп, алған білімдерін шыңдай түскілері келеді. Одан кейінгі мақсаттары – өз мамандықтарына сай жұмыс жасап, үздік маман атану.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале