11.07.2022, 15:24
Оқылды: 53

Хабарландыру

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өнімдерін жеткізушілерге, басқа да қаржылық тұрақты құрылымдарға, облыс шаруашылықтарына 2022 жылғы күзгі-далалық жұмыстарды өткізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан жіберілу бағасы тоннасына 222 мың теңгеден дизель отынын облысқа жеткізу жұмыстарын орындауды ұсынады.

8da27e316c-1024x576-6

Суреттің дереккөзі: ayu.edu.kz

Дизель отынын жеткізуге қатысуға ниет білдірушілер қатысуын жазбаша растауды және құжаттарды Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының кеңсесіне 2022 жылғы 14 шілде сағат 12:00-ге дейін тапсыруын сұрайды.

Әлеуетті операторларға қойылатын талаптар:

- облыстарды бекіту кестесіне сәйкес айлар бойынша облысқа бөлінген дизель отынының көлемін сатып алу үшін қаржы қаражатының/кредит желісінің болуы;
- Орал қаласының аумағында бір мезгілде сақтау көлемі кемінде 6 мың тонна мұнай базасының болуы;
- облыс аудандарында жанар-жағар май құю станцияларының және/немесе меншік құқығында дизель отынын аудан орталықтарына уақтылы жеткізу үшін дизель отынын тасымалдауға арналған арнайы автокөліктердің болуы.

Арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға әлеуетті операторлардан талап етілетін құжаттардың тізбесі:

- арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға өтінім (ілеспе хат);

- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (мұнай базасы) (Ф-2);

- мұнай базасын жалға алған жағдайда, мұнай базасының меншік иесі мен жалға алушы арасындағы жалға алу шартының көшірмесі;

- дала жұмыстары кезінде демалыс және мереке күндері дизель отынын
8 сағаттық жұмыс күнімен босату туралы келісімхат;

- мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы, оператордың шотында қажетті ақша қаражатының бар екені не кредиттік ресурстарға қолжетімдігі туралы банктің растауы;

- жабық (мөрленген) конвертте Орал қаласына дейін жеткізуді ескере отырып, дизель отынының 1 литріне баға ұсынысы және негізделген есептемелер (калькуляция);

- жабық (мөрленген) конвертте автожанармай құю станцияларынан сату немесе дизель отынын облыстың аудан орталықтарына дейін жеткізудің өзіндік құны бойынша баға ұсынысы;

- дизель отынын тасымалдауға арналған арнайы автокөліктің техникалық паспортының көшірмесі.

Барлық сұрақтар бойынша: Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 75-үй, 208-кабинет, тел.: 51-18-20 хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале