14.07.2022, 18:22
Оқылды: 49

Төрт инвест жоба мақұлданды

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен  Батыс Қазақстан облысының инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспорты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті.  Комиссия мүшелері аймақтың дамуына ықпал ететін төрт түрлі жобаны талқыға салды.

аким111

Олардың ішінде екі мектеп, бір құрғақ құрылыс қоспасы зауыты, бір медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге арналған жоба бар. Өңірлік комиссия төрт жобаны да мақұлдады. Төрт жобаның жалпы құны 2,9 млрд теңгені құрайды.

Екі мектеп салынады. Оның бірі Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданында тұрғызылатын болады. Мектеп 700 орындық.  Жобаны қорғаған Ержан Хасанов «Бұл мектеп замануи базамен жабдықталған, орта білім беретін мектеп болады. Қаладағы басқа мектептерден айырмашылығы толық бақылау қызметі болады, яғни қауіпсіздік күшейтіледі. Және ауланы толық қоршауды көздеп отырмыз. Мектеп ауласына мысық, ит басқа жануарлар кіре  алмайтындай жағдай жасағымыз келеді»  деп мәлімдеді.

 

аким33

Ал, екінші мектеп- интернаты  Сырым ауданы, Жымпиты ауылында салынатын болады.

«Бұл мектепке сұраныс бар. Ауылдағы ата – аналар аудан орталығында замануи, сапалы білім беретін жақсы  инновациялық мектеп керек деп жүр деді»,-  БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева. Бұл сөзді аймақ басшысы да қолдады.

БҚО әкімі Ғали Есқалев :

«Бұл мектептер жеке мектеп болса да әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін болады. Таза комерциялық мақсатты көздемейді. Әсіресе Жымпиты ауданы орталығында тұрғызылатын мектеп ауыл балаларына сапалы білім беру үшін ауадай қажет. Әрі ауыл адамдарын жұмыспен қамтиды. Ол үшін Сырым аудандық әкімдігі осы жобаға қолдау көрсетіп жермен қамтамассыз етуі тиіс деді»

аким 2

Кеңес отырысына төрт жоба ұсынылған еді.  Құрғақ құрылыс қоспасы зауыты мен медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге арналған жоба да кеңес отырысында мақұлданды. Аймақ басшысы экология үшін тиімді мұндай жобаларды біз әрқашан қолдаймыз, себебі біздің облыс таза аймаққа жатады. Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату болсын, құрылыс мәселесі болсын бәрі адамдарға зиян тигізбейтіндей, қоршаған ортаға пайда әкелетіндей жұмыс істеуі керек. Әрі біз осы төрт жобаны қолдау арқылы 200 – дей адамды тұрақты жұмыспен қамтамсыз етеміз деп түйіндеді.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Фото авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале