Вакцинацияның бірінші жылында - 2020 жылдың 8 желтоқсанынан 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін екі вакцина көп адамдардың өмірін сақтап қалды. AstraZeneca вакцинасы аурудан шамамен 6,3 миллион адамды, Pfizer/BioNTech вакцинасы 5,9 миллион адамды қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сурет: gov.kz
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Airfinity бұл деректерді компанияның мамандары маусым айында жарияланған Лондон Императорлық колледжінің пандемия кезіндегі артық өлім туралы зерттеулерінің нәтижелерін талдаған баяндамада келтіреді. Императорлық колледждің ғалымдары 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың желтоқсаны аралығында вакциналардың арқасында 20 миллион адамның өмірі құтқарылды деп есептеді.
Airfinity мамандары қай вакциналар ең тиімді екенін анықтауға шешім қабылдады. Белгілі бір елдерде өлім-жітімнің саны туралы зерттеу деректерін ескере отырып, Airfinity мамандары осы елдерде қандай өндірушілердің вакцинасын қолданғанын анықтады. Олардың бағалауы бойынша, пандемия кезінде құтқарылған адам өмірінің саны бойынша үшінші орында Sinovac вакцинасы тұр, оның есебінде 2 миллионнан астам адам бар. Төртінші орында Moderna - 1,7 млн адам. Топ-5-те миллион адамның өмірін сақтап қалған Sinopharm вакцинасы тұр. Ресейлік вакцина Спутник V, Airfinity бағалауы бойынша, 940 мыңға жуық адамды қорғады.