2022 жылғы 21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 542 843 адам, 2 - ші компонентін 9 324 915 адам салдырды, ддеп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылғы 21 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 230 785 адам, ІІ-ші дозасын 1 175 838 адам салдырды.
Оның ішінде: І-ші компонентімен 869 196 жасөспірім, 41 278 жүкті әйел, 145 087 бала емізетін әйелдер.
ІІ-ші компонентімен 849 116 жасөспірім, 38 931 жүкті әйел, 140 154 бала емізетін әйел салдырды.