25.07.2022, 11:45
Оқылды: 82

Сахнада ән шырқалып, өлең оқылды

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Қазақ зағиптар одағының құрылғанына 85 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.


Зағиптар қоғамы концерт (2)

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» ұранымен өткен атаулы шарада аудандық зағиптар қоғамының төрайымы Анаргүл Темірғалиева сөз сөйлеп, мерекеге орай концерттік бағдарламаны ұйымдастырған өнерпаз жандарға, осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған аудан басшылығына шексіз алғысын білдірді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ән шырқап, өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатындар көп.

Аталмыш мерекелік концертте «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар...» демекші сахнада ән шырқаған Бекжан Болатқалиевтың, Гүлжан Өтеғалиеваның, Қуаныш Ғабитовтың, Алтынбек Макаровтың өнерлеріне көрермендер тәнті болды.

Зағиптар қоғамы концерт (1)

Қуаныш Ғабитов пен Бекжан Болатқалиевтің орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтың «Есіңе мені алғайсың», «Бозторғайым» әндері тыңдармандар көңілінен шықты.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале