«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі COVID-19 індетіне байланысты 1 қыркүйектен бастап пойыз қозғалысы тоқтатылатыны туралы хабарламаны жоққа шығарды.
Сурет: әлеуметтік желі
-Пойыздар қозғалысы кестесінің өзгеруіне байланысты қозғалыс уақытша тоқтатылды. Бұл ретте аталған пойыздардың барлығына билеттерді сату кезең-кезеңімен қайта жалғасады, - деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.