25.07.2022, 16:30
Оқылды: 46

Кім, қашан дұрыстар екен?

Зашаған кентінен бастау алатын Жәңгір хан көшесімен келіп, Шаған жағалауы арқылы қалаға өтетін көлік нөпірінің дені осы тұстан өтеді. Жол айрығында орналасып, екі бағытқа нұсқап тұрған белгінің қайсысы дұрыс?

знак

знак 1
Бұл белгілер осыдан бірнеше уақыт бұрын жүргізілген құбыр жөндеу кезінде қойылған еді. Ол кезде екінші бағыттағы жолды жауып, тек бір бағытта қатынауға рұқсат етілген болатын.
Жөндеу жұмыстары аяқталғалы да біраз болды, бірақ белгі ауысқан емес. Бір баған бойына жармасып, қисайыңқырап тұрған бұл белгі шеттен келушілерді айтпағанда қаладағы көлік жүргізушілерінің өзіне түсініксіз.

знак5

Сөз арасында айта кетейік, жөндеу жұмыстары жүргізілген орын да тиісті деңгейде қалпына келтірілмеген. Қопарылған тұстың жолы да тегістелмеген. Аңғал-саңғал, иесіз жердей шашылып жатыр.

знак2

знак 6Әзірге кеткен кемшіліктерді қалпына келтіруге жөндеу жүргізген мердігер де, белгіні дұрыстауға жол полициясы да асығар емес. Кімнің, қашан есіне түсер екен?

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале