29.07.2022, 20:10
Оқылды: 24

"Жасыл ел" жұмысы талқыланды

Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев ауданның белсенді жастарымен кездесті. Аудандағы дербес бөлім басшылары, білім,  мәдениет, спорт саласы қызметкерлері қатысқан жиында жастар жетекшілерінің жұмыс жоспары, атқарылған шаралар талқыланды.

жастар 2

Отырыста негізінен үш мәселе қаралды.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұрсұлтан Қадырғалиев І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аудандағы “Жасыл ел” еңбек жасағының жұмыс жоспары мен атқарған істері талқыланып, Приречное ауылдық округіндегі жастар саясатын жүзеге асыру жайлы ақпарат тыңдалды.

Жастар осы жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сауалдарына жауап алды.

Көтерілген мәселелердің әр қайсы бойынша тиісті шешімдер табылды. Осы орайда аудан әкімі жастар жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, орындалуын қадағалап отыруды тапсырды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале