2.08.2022, 9:00
Оқылды: 74

Таңқалдырудан танбаған талант немесе айта білген ақын

Әдебиет дәстүрге тәуелді! Абай мен Махамбет болмаса, олардың бер жағындағы ұлт ақындары болмаса, қазақ поэзиясы қазіргі биігіне көтеріле алмас еді. Дәл осы жерде «Абайдан соң көп оқылатын» (С. Абдырахманов) Қадыр Мырза Әлиді айтпай кетсек, шындыққа қиянат болар еді. Иә, Қадыр ақын бірден классик бола қалған жоқ. Ол оқу-тоқу, зерттеу-зерделеу мектебінен өтті. Жас ақын қоршаған ортасын негізгі нысанға айналдыра отырып, жылдар бойы жинаған парасат қуатын жұмсап, өткенді, бүгінді, ертеңді жырларына арқау етті. Сәл шегініс жасайық.

IMG-20220802-WA0003

1965 жылдың жазы. Пединституттың бірінші курс студентіміз. Ғабит Мүсірепов пен Жұбан Молдағалиев бастаған қазақ жазушылары облысқа келіп, Оралда, аудандарда қалың халықпен жүздесті. Сол делегациядағылардың ең жасы Қадыр ақын болатын. Ол «орда бұзар» отыз жаста еді. Бірнеше кітап шығарып, балалар ақыны ретінде әбден танылған ол, сол 1965 жылы «Ой орманы» атты ересектерге арналған өлеңдер жинағын ұсынғанды. Біздер, филология факультеті қазақ бөлімінің студенттері «Ой орманы» кітабындағы мірдің оғындай өлеңдердің әсерінде жүргенбіз.

Кейінірек белгілі болғанындай, «Ой орманы» Қадыр ақынның болашақта жазылатын жинақтарының бағыт-бағдарламасы іспетті болып шықты.

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №90 санынан оқи аласыздар!

Айтқали Нәріков,

ақын, халықаралық

«Алаш» сыйлығының лауреаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале