Сурет: БҚО спорт басқармасы парақшасынан
ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған шарада Орал қаласында 375 қатысушы бақ сынады.
Қатысушылардың ең жасы - 5 жасар Айару Кукузова турникке 9 рет тартылды. Ал 65 жастағы Бектемір Омаров 23 рет тартылды.
Бір атап өтер жайт, 37 жастағы Юрий Кичатов турникке 40 рет тартылып, БҚО бойынша ең үздік нәтиже көрсетті. Бірақ ол 44 рет тартылған ақтаулық Дамир Нәбиевтің рекордын жаңарта алмады.
Сонымен жас ерекшеліктері мен салмақ дәрежелері бойынша жүлдеге іліккендер:
18 жасқа дейінгілер (55 келіге дейін):
1.Тайыр Жаңабай
2. Әли Салауат
3. Нұрмұхаммед Қабышев
18 жасқа дейінгілер (55-70 кг):
1. Александр Бадик
2. Роман Краснов
3. Мадияр Мақашов
18 жасқа дейінгілер (70 кг жоғары):
1. Әликамал Аршынбеков
2. Артур Ахмедов
3. Мейірбек Мырзагелді.
18-30 жастағылар (65 келіге дейін):
1. Самат Сағынтаев
2. Мерей Төлеуғалиев
3. Данила Тыртышник.
18-30 жастағылар (65-80 кг):
1. Егор Горунов
2. Максим Ямщиков
3. Ілияс Асланбек.
18-30 жастағылар (80 кг жоғары):
1. Ильдар Ягьяев
2. Александр Михаилов
3. Игорь Фофонов.
30 жастан жоғарылар (80 келіге дейін):
1. Юрий Кичатов
2. Жасұлан Мұхамбетов
3. Павел Казанцев.
30 жастан жоғарылар (80-90 кг):
1. Ербол Жәңгірханов
2. Роман Мокшин
3. Нұрлан Әбдірахманов.
30 жастан жоғарылар (90 кг жоғары):
1. Еркебұлан Жүргінбеков
2. Жасұлан Насыров
3. Ерлан Дубашев.
«Tartyl Fest» турникке тартылу фестивалінің Оралдағы жеңімпаздарына 200 мың теңге, екінші орынға – 100 мың теңге, үшінші орын иегерлеріне 50 мың теңгенің қаржылай сертификаты берілді. Бірінші орын алғандар Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйекте өтетін Гранд-финалға қатысады.
Гранд-финалда жеңімпазға – 3 млн теңге, екінші орынға – 2 млн теңге, үшінші орынға 1 млн теңгенің жүлдесі бөлінген.