8.08.2022, 11:00
Оқылды: 62

Сотқа дейінгі тергеу басталды

БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚК-тің 217-бабының 2-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

piramida-2

Фото: аikyn.kz

"WhatsApp", "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, "BINCLOUD" қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды.

"BINCLOUD" бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.

Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.

Айта кету керек, пирамиданың басты міндеті - жаңа қатысушыларды тарту.

Әдетте, пирамида құрылтайшысы айтарлықтай ақша қаражатын жинап, төлемдерді тоқтатады және барлық ақшамен жоғалады. Назар аударыңыз!

Егер сіз "BINCLOUD" бағдарламасының осындай қызметінің құрбаны болсаңыз, Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне +7 (7112) 53-84-27 сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале