20.08.2022, 14:56
Оқылды: 53

Бөрлі ауданының тумасы Анастасия Панасович күміс жүлдегер атанды

Болгария астанасы София  қаласында әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүние жүзінің кілең мықты палуан қыздарының басы қосылған бәсекеде ел намысын қорғаған батысқазақстандық спортшы, Бөрлі ауданының тумасы Анастасия Панасович күміс жүлдегер атанды. 

FB_IMG_1660988123542

72 келі салмақ дәрежесінде белдескен Настя финалға дейін алқынбай жеткенімен, ақтық сында американдық қызға жол берді. Ел мерейін асырған палуан қыздың алғашқы бапкері – Баймұрат Абдрахманов, қазіргі жаттықтырушысы – Мұсабек Нарегеев.

FB_IMG_1660988130369

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале