26.08.2022, 10:01
Оқылды: 25

Коронавирусқа шалдыққан 6 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3

Ведомство мәліметінше, елімізде коронавирустан тағы 1 адам қайтыс болды. Бұған дейін 2 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

26 тамыздағы жағдай бойынша, қазіргі уақытта індеттен 19 582 адам емделуде, оның ішінде 19 258 науқас – коронавирустан (КВИ+), 324 науқас – коронавирус пневмониясынан (КВИ-). 671 пациент стационарда жатса, 18 911 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 18 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

2

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале