8.09.2022, 15:30
Оқылды: 58

Сән-салтанат салығы қандай мүлікке салынады

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы қандай мүлікке салынатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220908162232822e

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналистер министрден сән-салтанатқа салық қандай мүліктерге салынатындығын сұраған болатын.

«Сән-салтанат нысаны белгілі бір жоғары құны, кей жағдайда инвестициялық құны болады. Құнына байланысты градация жүргізіледі. Шартты түрдегі мысалмен айтар болсақ, бұл - яхталар, спорттық көліктер, шетелдегі виллалар, жеке ұшақтар. Міне, дәл осыларға сән-салтанат салығы салынатын болады», - деп жауап берді Әлібек Қуантыров.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлект басшысы биылғы Жолдауында «сән-салтанатқа салық» енгізуді тапсырған болатын.

«Салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізген жөн. Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады», - деген еді ҚР Президенті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале