9.09.2022, 14:30
Оқылды: 49

Мәскеуде қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті

Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшілік сайтына сілтеме жасап.

1

Қалдықтарды өткен жазда Новгород облысының Демьянский ауданында "Находка" іздеу отрядының жауынгерлері тапқан. Солдат медальонындағы жақсы сақталған жазбаның арқасында жауынгердің жеке басын анықтауға мүмкіндік туды. Ол 1916 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жуалы ауданында (қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданы) туған Сапарбай Имахаев болып шықты. 1939 жылы Сайрам РВК әскеріне шақырылып, 1943 жылы қаңтарда хабарсыз кеткен.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің көмегімен жауынгердің туыстары табылды. Жақын арада оның сүйегі туған жеріне жеткізіліп, құрметпен жерленетін болады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің әскери атташесі Ержан Ермекбаевтың айтуынша, Имахаевтар отбасында үш ағайындының Әбдібайы соғыстан оралған, ал Сапарбай мен Әбіш хабарсыз кеткен. Осы кезге дейін алдымен анасы Дана, кейін туыстары олар туралы мәлімет іздегенімен, өкінішке орай, нәтиже болмаған. Бұл көптен күткен қуанышты жаңалық болды.

"Находка" іздестіру отрядының командирі Александр Морзунов атап өткендей, мұндай шаралардың тарихи естелікті сақтау және жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде маңызы зор.

Жауынгерлердің сүйектерін табу бойынша қазақстандық және ресейлік іздеу топтарының бірлескен жұмысы алдағы уақыттарда жалғасатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале