12.09.2022, 17:15
Оқылды: 47

БҚО тұрғыны қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды

ҚМА БҚО бойынша департаменті жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржылық пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

21

Фото дереккөзі: 24.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталған.

Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале