Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Зашаған кентінде ашылған «Айяна» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Қала әкімі тұрғындарды Қала күніне орай тапсырылған балабақшаның ашылуымен құттықтап, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
«Зашаған кенті күн санап көркейіп келеді. Қала бойынша 18 мыңдай баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтып отырмыз. Бүгінгі балабақша бүлдіршіндердің қуанышына жұмыс істесін», - деді қала әкімі Миржан Сатқанов.
Қала бойынша 84 жеке, 50 мемлекеттік балабақша жұмыс істеп тұр. Тек Зашаған кентінің өзінде 7 мемлекеттік, 15 жеке балабақша жұмыс жасауда. Ол балабақшаларда 3 200-дей бала тәрбиеленіп жатыр.
– Бүгін ашылған «Айяна» балабақшасы – заманауи жабдықталған 160 орындық бөбекжай. Ол жерде баланың дамуына қажетті барлық мамандар мен жабдықтар бар, - деді балабақша меңгерушісі.
Жанат Көшкінбай
Гүлмира Сәрсенғали
zhaikpress.kz