21.09.2022, 11:46
Оқылды: 88

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды?

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Ұлттық экономика министрі баяндама жасап, кодекске өзгерістер енгізуді ұсынды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

WhatsApp Image 2022-09-21 at 09.54.55

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы биылғы жоспарға сәйкес әзірленді.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 99-тармағын іске асыру үшін микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу; тиісті салықтық сақтық қағидатын енгізу; жекелеген салалар үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру жолымен өндірісті дамытуды ынталандыру; салықтық әкімшілендіруді, оның ішінде ҚҚС-ны қайтару мерзімін күнтізбелік 155 күннен 75 жұмыс күніне дейін қысқарту арқылы жетілдіру және басқа да тұжырымдамалық мәселелер, - деп Әлібек Қуантыров заң жобасы шеңберінде ұсынылып отырған мәселелерді айтты.

Заң жобасында бюджетке төленетін төлемдердің жаңа түрлерін белгілеуге және бюджетке төленетін қолданыстағы кейбір алымдар мен төлемдердің мөлшерлемелерін қайта қарауға байланысты нормалар да қамтылған.

Айта кету керек, Үкіметтің ақпараты бойынша заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале