Бүгін Шыңғырлау ауданында төрт күнге созылған КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнирінің жабылу салтанаты өтті.
2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасынан мықтылар анықталып, тиісті марапаттарына ие болды. Шарада аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова бірнеше күн қатарынан шаршы алаңда сайысқа түскен спортшыларды құттықтап, марапаттады.
Сонымен қатар КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновтың туған бауыры Талғат Ишекенов және ауданымыздағы спорт мекемелерінің басшылары да жеңіске қол жеткізген жасөспірімдерге мадальдан алқа тақты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы,
zhaikpress.kz