21.09.2022, 20:06
Оқылды: 99

Республикалық турнир өз мәресіне жетті

Бүгін Шыңғырлау ауданында төрт күнге созылған КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнирінің жабылу салтанаты өтті.

IMG-20220921-WA0071

2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасынан мықтылар анықталып, тиісті марапаттарына ие болды. Шарада аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова бірнеше күн қатарынан шаршы алаңда сайысқа түскен спортшыларды құттықтап, марапаттады.

IMG-20220921-WA0067

Сонымен қатар КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновтың туған бауыры Талғат Ишекенов және ауданымыздағы спорт мекемелерінің басшылары да жеңіске қол жеткізген жасөспірімдерге мадальдан алқа тақты.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале