Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда қанша Ресей азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде 70 мыңға жуық. 21 қыркүйектен бүгінге дейін 70 мыңға жуық Ресей азаматы ЖСН алды", - деп жауап берді министр.
Бұған дейін Бағдат Мусин елордалық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Қазақстанға келген ресейліктерге қызмет көрсету қандай жағдайда екенін білген болатын.
Сондай-ақ, Ресей азаматтарынан Қазақстан азаматтығын алуға 68 өтініш түскен.