11.10.2022, 17:01
Оқылды: 39

Орал қаласының пациенттеріне тегін консультация берілмек

ҚР ПІБ медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Орал қаласында пациенттерді тегін қабылдайды.

IMG-20221011-WA0045

18-19 қазан күндері Орал қаласында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері «Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында пациенттерді (18 жастан бастап) тегін қабылдайды.

Көшпелі акцияның мақсаты – республика тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Қабылдау Орал қаласының Облыстық кардиологиялық орталығында жүргізілетін болады.

Мамандар тобында: кардиохирург Ерлан Денеев, аритмолог Шалқар Смағұлов, ангиохирург Талғат Сәрсембаев.

Консультациялық қабылдау үшін пациентте өзімен бірге болуы керек:

- жеке басын куәландыратын құжат;

- кардиохирург қабылдауы үшін: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;

- аритмолог қабылдауы үшін: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.

- ангиохирург қабылдауы үшін: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;

Қабылдау күні мен уақыты:

2022 жылғы 18 қазан, 10:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).

2022 жылғы 19 қазан, 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале