Қонақты елорда әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп жазды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.
Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады деп күтілуде.
13 қазан күні еліміздің астанасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.