13.10.2022, 18:00
Оқылды: 72

Астанаға РФ президенті Владимир Путин келді

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6a659a4626e2432ebd0a264512e595f4

Қонақты елорда әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп жазды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.

Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады деп күтілуде.

13 қазан күні еліміздің астанасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале