Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік сайлауда жеңіп шықса, білім беру ордаларына жағдай жасайтынын атап өтті.
"Колледждер, мектептер, балабақшалар дабыл түймелерімен және бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Студенттердің шәкіртақысы екі есе артады. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Қазақстандық студенттер әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізе алады", – деді кандидат Тоқаев.
Оның айтуынша, әр оқушыға оқу материалдары қолжетімді карта беріледі, соның көмегімен төлем жасап, оқу ордасына кіре алады, есесіне ауыр сөмке арқаламайды.