26.10.2022, 16:51
Оқылды: 51

Студенттердің шәкіртақысы екі есеге артады – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік сайлауда жеңіп шықса, білім беру ордаларына жағдай жасайтынын атап өтті.

8

"Колледждер, мектептер, балабақшалар дабыл түймелерімен және бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Студенттердің шәкіртақысы екі есе артады. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Қазақстандық студенттер әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізе алады", – деді кандидат Тоқаев.

Оның айтуынша, әр оқушыға оқу материалдары қолжетімді карта беріледі, соның көмегімен төлем жасап, оқу ордасына кіре алады, есесіне ауыр сөмке арқаламайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале