3.11.2022, 10:15
Оқылды: 52

Қарағанды ​​облысындағы шахтада апатты жағдай болып, төрт адам қайтыс болды

 Тағы бір жұмысшы іздестіріліп жатыр, 106 жұмысшы эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

e6300a6e6fc54ecb85d99001c2312786

Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада кеше түнде газ шықты.

Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

3 қараша күні шамамен түнгі сағат 3.00-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығуы салдарынан 4 жұмысшы қайтыс болды. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды, - деді Руслан Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

Иманқұлов апатты арнайы комиссия тексеретінін айтты. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале